Махметова Жәмиля Мұратқызы 1980 жылы туылған. Жәмиля Мұратқызы еңбек жолын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде ағылшын тілі мұғалімі болып бастады, кейін Жану мәселелері ғылыми-зерттеу институтында аудармашы болып жұмыс істеді. 2009 жылы «ҚазҰУ және Абылай хан атындағы халықаралық әлем тілдері институтында аударма ісі» мамандығы бойынша магистратураны үздік аяқтап, «Ақпараттық мәтінді аударудың лексика-грамматикалық ерекшеліктері (химиялық өнеркәсіп мәтіндері негізінде)» тақырыбында магистрлық диссертация қорғады. Магистратураны бітіріп, бүгінгі күнге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның филология факультеті шетел тілдері кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарады. Ол IELTS және TOEFL ITP емтихандарын тапсырды. Кафедрада жұмыс істеген жылдары «ҚазҰУ хабаршысы» журналдарында, ТМД елдері мен Қазақстанның ғылыми және ғылыми-әдістемелік конференцияларының материалдар жинақтарында аударма теориясы және ағылшын тілін оқыту әдістемесі бойынша 30-дан астам ғылыми мақалалар және 50-ден астам имидж мақалалары жариялады. Махметова Жамиля Мұратқызы MacMillan, British Council, Study Inn, АҚШ білім және мәдениет істері бюросы, Мемлекеттік департамент, АҚШ Елшілігінің аймақтық ағылшын тілі бөлімінің ағылшын тілін оқыту әдістемесі бойынша ұйымдастырған семинарларға қатысты. Ол өзінің университеттегі жұмыс барысында барлығы 15 сертификат алды. «Химия өнеркәсібі саласында ағылшын тіліндегі мәтіндерді оқу және аудару» оқу құралы мен «Қарапайым химия» оқу құралын баспадан шығарды. Ол құрастырған әдістемелік құралдар химия және химиялық технология студенттерінің оқу процесінде белсенді қолданылады. Барлығы 30-дан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік сипаттағы еңбектері жарық көрді. Кафедраның басқа оқытушыларымен бірлесе отырып, кафедра және профессорлық-оқытушылар құрамы ұйымдастыратын тәрбиелік іс-шараларға қатысып, кәсіби тілдік білімін жетілдіру бағытында үнемі жұмыс жасайды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

АШТПИ
Магистратура
2005

шығыс Қазақстан МУ

Жоғары

2002

Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0